ұстаздар_күні
Ұстаз. Осы сөздің адам жанына жылулық ұялатып, асу бермес асқарға жетелері сөзсіз. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, өмір өзенінің оң соқпағына салып, сенің болашағыңа беретін адам ол – ұстаз. Білім – шеті мен шегі жоқ телегей теңіз болса, сол теңіздің сәнін келтіріп, байыппен ғана әр шәкірт жүрегіне жол тауып, соның кілтін аша білген ақ желкенді кеме – ұстаздарымыз.
Зейнеткерлік жасқа келіп өз еңбегімен мектеп ұжымына, шәкірттеріне сыйлы болып, еңбегі жанған ұстаздардың бірі – Мағрипа Ілиясқызы. Жамбыл орта мектебінде Басыбаев Мәгел Әлмырзаұлының алдынан оқыған. Химия пәнінің мұғалімі – Оспанов Сағди Оспанұлы, физика пәнінің мұғалімі – Байтұрғанова Құсни Ахметқызы және Әскер Бектемірұлы, осы кісілердің дәріс берген пәндерін қалауы ма екен, Петропавл педагогикалық институтының жаратылыс факультетінің химия – биология бөлімін таңдап, комсомолдық жолдамамен аталған университетке оқуға түседі.
Қазақ мектебін бітіріп шыққан қарапайым студентке бірден орыс тілінде оқып кету оңайға түспеді. Бірақ соған қарамастан өзінің алдына қойылған мақсатына жетуге тырысты. Сол қажыр – қайраттылығымен 1975 жылы оқуды бітіріп, өзінің туған мектебіне оралып, химия-биология пәндерінен сабақ берді. Ұжым – қай кезде де тәрбие мектебі. Жақсы ортада адамның шабытына шабыт қосылады. Таланты жарқырап, өнімді еңбек етуге дағдыланды. Талаптың тұлпарын мініп келген жас маманға тәжірибелі ұстаздар мейірім шуағын төге білді. Сөйтіп Мағрипа тәтейдің білікті ұстаз, іскер азамат болуына ықпал жасады. Дарынды мамандарға өсу жараспай ма? Өзін сан қырлы маман ретінде танытқан Мағрипа тәтейді 2 жылдың ішінде мектеп директоры М.Басыбаев оқу ісінің меңгерушісі етіп тағайындады.
«Шәкіртсіз ұстаз - тұл». Көз майын тауысып оқытқан шәкірттерің үмітіңді ақтап, сенім биігінен көрініп жатса ұстаздарға одан артық бақыт бар ма? Ұлағатты ұстаздың алдынан білім алған бірқатар оқушылардың ішінде Ресейдегі Саратов қаласында университетте жұмыс істейтін Фаткина Татьяна химия ғылымының докторы, Цыгунчук Галина – педагогикалық ғылымының докторы, СҚМУ оқытушысы, Әкімжанова Қамар білім бөлімінің қызметкері, Преснов қазақ орта мектебінің химия, биология пәндерінің мұғалімі Жанмұқанова Гүлнар бар. Мағрипа Ілиясқызы өзінің еңбегімен республикалық құрмет грамотасы, облыстық және аудандық мақтау қағаздарымен марапатталған. Тарих бетінде алтын әріппен ойып тұрып орын алатын ұстаздық жолын жалғастыратын шәкірттері баршылық. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген нақыл осындай еңбек адамына арналып айтылғандай.
Мектеп өмірінде өзіндік орны бар ұстазымыз Мағрипа Ілиясқызы 2009 жылы зейнеткер ұстаз атанды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп зейнет шағы болса да мектеп қабырғасында еңбек жолын жалғастырды. 2019 жылға дейін балаларды білім нәрімен сусындатып, зейнеттік демалысқа шықты. 45 жыл еңбек өтілі бар ұстазымыз өзінің ізбасарларына қолдау көрсетіп, білгенін үйретіп жүруден еш жалықпаған. Қазірге таңда мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып көмекке мұқтаж балаларға көмегін еш аямаған. Мектепішілік іс – шаралар, жиындардың құрметті қонағы. Сонымен қатар ауыл өміріне белсене араласады. Онымен қоса, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиынының мүшесі болып, жастар мен өмірлік тәжірибесімен бөлісу еш уақытта бас тартпайды.