Парасаттылық сағаты
"Парасаттылық сағаты" республикалық акция аясында "Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі" КММ 5-11 сынып оқушылары үшін тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
5-11 сынып оқушылары үшін парасаттылық, адалдық және әділдік қағидаларын қалыптастыру мақтсатында "Сыбайлас жемқорлық туралы" тақырыбында біріңғай сынып сағаты өтті. Оқушылар алдында аға тәлімгер С.Н. Адраков сөз сөйледі. Өз сөзінде ол оқушыларды мектеп кезден- ақ сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұруға шақырды, жас ұрпақ сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүруге, парасатты және адал адамдар әлемін құруға ұмтылуы тиіс екенін атап өтті. Соңында оқушыларға "Жемқорлықтың салдары" атты видеоролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.