"Тіл-достық құралы" атты аудандық фестиваль аясында біздің Жамбыл селолық округінде де осы іс-шара ұйымдастырылды
Фестиваль барысында келген "әділқазылардың назарына қазақ, орыс тілдерінде әндер, қыз ұзату салт-дәстүрі ұсынылды. "Мереке" әнін Байділда Замзагүл, "Земля цветов" әнін Корженкулов Талап, "Әке-ана" әнін вокалдық топ, "Алтын бесік" әнін Тастемирова Маржангүл жақсы орындады.
Ұстаздар мен ауыл тұрғындары сүйінші, арқан тарту, сырға салу, отауға жас-жұбайларды кіргізу салты, отқа май құю, бата беру, төр тарту, азан шақырып ат қою т.б. салттарды көрініс түрінде шебер орындап шықты. "Азан шақырып, ат қою" рәсімін Казиев Серік атамыз шынайы түрде өткізді. Фестиваль жоғары дәрежеде өтті.