Сауықтыру алаңының ашылуы
03.06.2019 жылы жазғы сауықтандыру алаңының 1 маусымының екінші күні басталды.Жұмыс жоспары бойынша "Шынықсаң шымыр боласың!" демекші таңғы жаттығу жасалды.
Оқушылармен "Танысу күні" өтілді. "Танысу күніне" арнап, оқушылармен қызықты ойындар ойналды, суреттер салынды, бір - біріне жылы тілектер айтылды. Табиғат аясында қимыл - қозғалыс ойындары ойналды. Балалармен ойын түрінде ағылшын сабағы өтілді. "Ас адамның арқауы" дегендей, балалар түскі аспен тамақтанды. Балалардың қалауы бойыншада бірнеше қызықты ойындар ойналды. Оқушылардың екінші күні көіңлді қызықты өтті, көңіл - күйлері көтеріңкі болды. Шығармашылық жұмыстарға оқушылар белссене қатысып, өз ойларымен бөлісе білді.