Сарқылмас ұлылықтың бастауысының, Саған бас ием, Бастауышым! атты бастауышпен қоштасу кеші
Бүгін 22.05.2019 Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде 4 сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу кеші өтті.
Бастауыш мектепті бітірген түлектеріне алғашқы мұғалімінен, ата - анасынан және мектеп әкімшілігінен көптеген мейірімді сөздер айтылды. Балалар қойылымдарды көрсетті: мектептегі әндер, достық, өлең оқыды, би биледі. Басты мақсаты: бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу. Білім берер ордасы - мектебі, ұстаздарын ққұрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу болып табылады.