13- сәуір күні мектеп маңында сенбілік ұйымдастырылды
Сенбілік- тазалық кепілі. Ауыл тазалығына үлес қосу-туған жерге деген қамқорлық болып табылады, бізде де мектеп маңын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жүұмыстар атқарылды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы мен жоғары сынып оқушылары 13-сәуір күні сенбілікке шықты. Ауа-райы ашық болып, мектеп ұжымы мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік-бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін әдіс, - деп есептейді мектеп қызметкерлері. Сенбілік қызметкер арасында жұмыстан тыс әңгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мулдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Аула маңы тазартылынып, жиналып қалды.