Қамқоршылық кеңесі отырысы өтті
"Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі" КММ бойынша қамқоршылық кеңесінің отырысында мектеп директоры Кенжегузина С.С. өткен 2017-2018 оқу жылына арналған есебі тыңдалды.
Мектепте оқушыларға білім берген ұстаздар жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтіп, жыл бойы мектеп жұмысына белсене араласты. Пәндер бойынша апталықтар, олмпиадалар, сайыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз міндеттерімен танысып өтті. Биылғы оқу жылының қамқоршылық кеңесінің мүшелері үш жылға тағайындалды.