Ардагерлерге – жүрек жылуы
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Қоғамның зерделілігі ардагерлерге қатыстылығымен де айқындалады. Қазақ халқының атадан балаға беріліп келе жатқан игі дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Осы дәстүр жыл сайын 1 қазанда «Халықаралық қарттар мен мүгедектер күні» атауымен аталып өтуде. Мерекеге орай, елімізде қарттарды қолдаудың айлығы өткізіліп келеді.
Бұл акция осыдан бірнеше жыл бұрын ардагерлер ұйымының бастамасымен шыққан еді, содан бері ол дамып, қоғамымызда жаппай қолдауға ие болуда. Қарттарға қайырымдылық көмек берушілердің саны жылдан-жылға көбейіп, әлеуметтік көмек алушылар саны да арта түсуде. Осының өзі қоғамымызда қарттарға деген қамқорлықтың, оларға деген жанашырлықтың арта түскенін айғақтайды. Акция аясында Жамбыл орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары да ауылымыздағы қарттарымызға көмек көрсетіп отырады.
Мерекеге орай біздің округ әкімшілігінің көмегімен есептегі барлық мүгедектер мен зейнеткерлерге арнап мектепте іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Жамбыл орта мектебінің тәлімгері С.Н. Адраков